ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің архивтер, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш пен «Узархив» агенттігінің директоры Ұлықбек Юсупов архивтер арасындағы байланысты нығайту, Өзбекстан архивтерінде түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізу, құжаттандыру мәселелерін оңтайландыру және т. б. бойынша келісімге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.