Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ресми сапармен Өзбекстан Республикасына барды. Ташкентте Өзбекстан Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасы мен Қазақстан Парламенті Мәжілісінің арасындағы парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.