Су ресурстары және ирригация министрлігі трансшекаралық өзендердің суын бірлесіп пайдалану мәселесін Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенция аясында шешуге ниетті. ҚР Парламентінің Сенаты халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы Заңды мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.