Қазақстанның өзіндік ұлттық автомобиль бренді пайда болуы мүмкін. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі Малайзияның Perusahaan Otomobil Nasional Sdn. Bhd. (PROTON) автомобиль компаниясымен меморандумға қол қойды. Құжат Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін дамытуға және ұлттық автокөлік өндірушісін қалыптастыруға бағытталған. Қазақстандық автокөлік өндірісі жолға қойыла ма? Өндіріс қандай сипатта іске асырылады? Ұлттық автобренд жасауға еліміз қаншалықты дайын, әрі экспортқа әлеуетіміз жеткілікті ме? BAQ.KZ тілшісі осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көрді.
Жаңалықтар