Қалада тұратындар ел халқының 60 пайызын құрайды. Қазақстанда соңғы он жылда ауылда дамытуға арналған түрлі бағдарламаның қолға алынғанына қарамастан, ауыл тұрғындарының қалаға көшуі жыл сайын орта есеппен 5 пайызға артып келеді. Бұл қалалық елді мекендерде сапалы жұмыстың дефицитін қалыптастырып отыр. Бұл туралы Қазақстанда еңбек нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасында жазылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.