«Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы 2027 жылдан бастап сутегімен жүретін локомотивтер сатып алуды жоспарлап отыр. Осылайша олар логистикалық компаниялардың алдындағы экологиялық иммиджін жақсартпақ. Акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев «New Silk Way» халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумында осындай мәлімет айтты. BAQ.KZ бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.