Әділет министрлігі 2025 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп "Kaspi Bank" АҚ постаматтары арқылы азаматтарға туу туралы куәлікті жеткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл ХҚКО-ға бармай-ақ туу туралы куәлік алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ Primeminister.kz сілтеме жасап.