Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесі митингілер туралы заңнаманы ырықтандырудан бастап партияларды тіркеуді жеңілдетуге және аралас сайлау жүйесін қайтаруға дейінгі бірқатар реформалардан өтті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Никита Шаталов партия фракциясының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.