Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылындағы №573 сайлау учаскесіне бір әулеттің бес буынының өкілдері келіп дауыс берді. 103 жастағы Шортанова Күлпара, оның 85 жастағы ұлы Марат, 50 жастағы немересі Олжас, 25 жастағы шөбересі Бейбіт және 18 жастағы шөбересі Марал өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.