1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні. Бірнеше ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына жинаған еліміз бұл мерекені де ерекше атап өтеді. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген дана халқымызда жақсы сөз бар. Берекені мақсат еткен еліміз мерекелі тірлік жасаудан жалыққан емес. Өзге ұлт өкілдерінің ішінде қазақ тілін жетік меңгерген жандар да жетерлік. Солардың бірі ұлты орыс болса да, тілі қазақ Павлодар облысының тумасы, блогер Алексей Лодочниковпен сұхбаттасқан едік, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.