Ресейлік кинологтар қызметтік иттерді ұшқышсыз ұшу аппаратын 700 метрге дейінгі қашықтықтан анықтауға үйретіпті. Бүгінде әлем елдері қару жарақтың жаңашыл бұл түрін түрлі қақтығыстарда да кеңінен қолданатыны белгілі. Жау дронын алыстан сұлатып түсірмесе де, сұлбасын танып, сұрапылдың сұсынан сескенбей, алдын ала хабар беретін төрт аяқты жауынгердің заманауи майданда маңызы өте зор. Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің кинология қызметі де жыл сайын заман ағымына сай аршынды қадам басып, ілгері дамып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.