Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Аризона мемлекеттік университетінің өкілдерімен кездесті. Тараптар білім беру ынтымақтастығының мүмкіндіктері мәселелерін талқылады. Кездесуге мүдделі басқармалардың басшылары, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.