Көкшетауда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «SARAP» сараптамалық клубының жиыны өтті. Кездесу Ақмола облысында Ұлттық құрылтайдың IV отырысын ұйымдастыру және өткізу туралы ұсыныс енгізуге арналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.