Кеше ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысы бағытындағы жұмыс сапарын бастады. Министр облысаралық және ауданаралық 10 мың шақырым жолдың орта жөндеуден тиісті өтуін тексеру үшін іссапарға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.