Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 544,9 мың отбасы жалпы сомасы 273 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде тамыз айында 543,4 мың отбасына 34 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.