Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі – асық ату. Астанада өтетін 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бұл спорт түрінен додаға түсетін құрама жасақталды. Құраманың дайындықтарын білу үшін асық ату спортынан мемлекеттік жаттықтырушы, Көшпенділердің асық спорты халықаралық федерациясының бас хатшысы Жомарт Оразовпен сұхбаттасқан едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.