Қостанай облысында жағдай тұрақты қауіпті. 25-наурыздан бастап даладағы су өңірдің оңтүстігінен, атап айтқанда Арқалық, Амангелді, Жангелді жағынан келді. Ол жақта жағдай қазір тұрақты. Бүгінгі таңда төтенше жағдай 6 елді мекенде жарияланды. Олардың ішінде Қостанай мен Рудный қаласы бар. Себебі, Тобыл өзені көтеріліп, мұнда үйлерді су басу қаупі бар. Қостанай облысында 328 үй және 406 аула аумағы су астында қалды. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Асылбек Садуов ОКҚ брифингінде хабарлады.
Жаңалықтар






























