Қостанай қаласының тасқынға қарсы жедел штабының мәліметінше, Қаратомар су қоймасынан көп көлемде су ағызылуына байланысты, жағдай ушығып барады. Сондықтан тұрғындардан қауіпсіз жерлерге көшуге дайындалып отыру сұралады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қостанай таңы» газетіне сілтеме жасап.