Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртін сөндіру жұмыстар жалғасуда. Өртті сөндіруге 91 бірлік техника, 3 әуе кемесі, 5 өрт пойызы, жеке құрамның 600 адамы жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабына сілтеме жасап.