Қазақ баспасы бүгінде ерекше дамып келеді. Елімізде түрлі салада сапалы рухани қазына – кітап шығарып жүрген айтулы баспалар мен баспагерлер бар. Бұл салада әдеби редактор жұмысы ерекше мәнге ие. Бүгін «Фолиант» баспасының бас редакторы Фарида Тобашалова жалпы кітаптың қалай дайындалатыны, редактор мен корректордың міндеті туралы сұхбат берді.