Жыл басынан бері Ақтөбе облысы әкімдігінің ситуациялық орталығы жанынан құрылған колл-орталыққа 55 мыңнан астам өңір тұрғыны хабарласқан. Ақтөбеліктер автокөлік жолы, экология, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, инфрақұрылым және т.б мәселелер бойынша жүгінген. Оларды шешу үшін қандай жұмыстар атқарылды, жалпы, 2023 жылы облыс қандай нәтижелерге қол жеткізді? Бұл туралы BAQ.KZ ОКҚ-ға сілтеме жасап хабарлайды.