Бір палаталы Парламент үлгісі пен мемлекеттік органдардың жаңартылған жүйесіне арналған ережелер жаңа Конституция жобасының бірнеше бөлімдеріне енгізілді. Бұл жөнінде Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.