Қазақтың ұлттық болмысы, рухани құндылығында күй өнерінің мәні ерекше. Күй – қазақтың болмысы, мәдениеті мен өмірлік наным-сенім, дүниетанымының негізгі қайнар бұлағы. Қазақтың халық күйлерінің әуені мен үні, көркемдік образы, философиялық ой-пікірінің маңызы, халықтың талғамы мен танымының ерекшелігін көрсетеді. Қазақ күй өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар дәулескер күйші, ұстаз Жанғали Жүзбаймен өрілген сыр-сұхбатты ұсынамыз.