БҰҰ-ның 2021 жылы жариялаған баяндамасында әлемде 2,2 млрд адам (ДДҰ/ЮНИСЕФ, 2019) таза ауыз суға қол жеткізе алмай отырғаны жазылған. Ал сарапшылар 2050 жылға қарай планета халқының жартысы санитарлық нормалар бойынша қауіпсіз су қорларына қол жеткізе алмайтындығын айтып, дабыл қағып жатыр, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.