«Әлеуметтік желіде Қызылағаш су қоймасының арнасынан асып бара жатқаны жайында мәліметтер тарады. Осыдан 14 жыл бұрынғы қайғылы оқиға қайталана ма деген қорқыныш халықты дүрбелеңге салуда», деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі. Әсіресе іргесіндегі ақсулықтар үрей үстінде. Жетісулықтардың көз жасын көлдеткен Қызылағаш су тасқына әлі де ел аузында. Мыңдаған адам жапа шегіп, 50-ге жуық тұрғын топан судың астында қалған еді. Содан бері көктем келсе халықтың алаңы есенеленеді. Апат айтып келмейтінін ескерсек, жауапты мамандар жаппай су қоймасының маңында жүр. Елдегі жағдайға байланысты су қоймасына күнтіз-түні кезекшілікке тұруда. «Құрметті Ақсу ауданының тұрғындары! Әлеуметтік желідегі «halyk_zhurnalist.kz» инстограмм парақшасында таралған мәлімет жалған. Қазіргі таңда Қызылағаш су қоймасында қауіпті қауіп-қатер жоқ. Жағдай тұрақты», дейді облыстық төтенше жағдайлар департменттінің басшысы, палковник Нұрлан Бекбосынов. Бізге келіп түскен мәлімет бойынша, бүгінде Қызылағаш өзенінде су қоймасының ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталған. Су қоймаларын пайдалануға беру үшін авторлық қадағалау талаптарына сәйкес, көлемі 42,65 млн.м3 резервуарды NPL деңгейіне дейін толтыру арқылы корпус пен бөгеттің барлық құрамдас бөліктеріне технологиялық сынақ жүргізу қажет. Қазіргі уақытта су қоймасын толған көлемі 41,9 млн. м3 құрайды. Оқиға орнында «Қазводхоз» РМК Жетісу филиалының мамандарымен тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырыпты. Барлық мүдделі тұлғалар: облыс және аудан әкімдігі, Төтенше жағдайлар департаменті, басқа жауапты мамандарға хабардар етілген. Дүрбелеңге негіз жоқ. Жалпы, Жетісуда ең қауіпті су қоймасы осы Қызылағаш екінін ұмытпаған жөн!