Қызылорда облысында 27 медициналық нысан салынады

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Ақмарал Әлназарова өңірдің медициналық ұйымдарының басшыларымен жергілікті денсаулық сақтауды дамытудың өзекті мәселелері бойынша кездесу өткізді. Облыстың кейбір медициналық-демографиялық көрсеткіштерін атап өтіп, ведомство басшысы қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткішінің – 26%-ға, қатерлі ісіктерден болатын өлім көрсеткішінің - 14%-ға төмендеуіне назар аударды. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы дәрігерлерге «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы айтып берді, оған сәйкес Қызылорда облысында ауылда 27 МСАК нысанын салу жоспарлануда, бұл медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін дәрігерлік амбулаториялар. Сондай-ақ Шиелі және Жаңақорған қалаларын қоса алғанда, 4 ауданаралық аурухананы күрделі жөндеу және медициналық жабдықтармен жарақтандыру арқылы жаңғырту көзделген. Кадрлық қамтамасыз ету бөлігінде А. Әлназарова ведомство қабылдаған шаралар туралы айтып берді. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесінде кадрларды есепке алу мен жоспарлауды нақты уақыт режимінде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін денсаулық сақтаудағы кадр ресурстарын есепке алудың ұлттық жүйесін (кәсіби тіркелім) әзірлеу жүргізілуде.

Читать источник baq.kz
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде мәреге бірінші келді
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Келер жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 50 млрд теңге бөлінеді
Патриоттардың екі буыны Отанға адал болуға ант берді
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Павлодар облысындағы алтын кенішінде ер адам қаза тапты
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Атырауда бір топ адам намаз оқу үшін жолды жауап тастаған (АИДЕО)
Сақинасын шеше алмаған жас келіншек құтқарушылардан көмек сұрады
Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жарияланды
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды: 15 желтоқсан 2024, 13:10 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Түркістан мен Жамбыл облыстарында жолдар жабылды
Илья Ильиннің әйгілі қарсыласы үшінші рет әлем чемпионы атанды
Илья Ильиннің әйгілі қарсыласы үшінші рет әлем чемпионы атанды