Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев азаматтардың тұрғын үйге деген іргелі құқығын конституциялық деңгейде қорғаудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, сот шешімінсіз тұрғын үй құқығынан айыруға да, азаматты баспанадан шығаруға да жол берілмеуі тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.