2022-2023 оқу жылына арналған магистратураға білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілді, оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер және Қазақстан Студенттер альянсының өкілдері кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.