Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің жетекшілігімен 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасын және еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауды жетілдіруге бағытталған заңнамалық өзгерістерді талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиын Астанадағы «Локомотив құрастыру зауыты» базасында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.