Бұл сұрақ ай сайын еңбекақысынан жарна төлеп жүрген көптеген азаматты мазалайтыны жасырын емес. Көпшіліктің ойында: «Мен бұл жүйені пайдаланбасам, неге ақшамды қайтарып ала алмаймын?» деген күмән да жоқ емес. Көптің көкейін тескен сауалға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айдын Құлсейітов жауап беріп, жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.