2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Бұл медициналық көмекке ақы төлеу құнын 1 трлн теңгеден (2019 жылы) 2,8 трлн теңгеге дейін (2024 ж.) ұлғайтуға көмектесті. Осыған орай BAQ.KZ тілшісі МӘМС-ке жан-жақты тоқталып, осы уақыт аралығында атқарылған жұмысты саралап көрді.