Кеше, 16 тамызда Маңғыстауда «DIGITAL KAZAKHSTAN: жаңа замандағы білім беру» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесі өтті. Шараға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаев, облыстың бірім беру ұйымдарының басшылары және педагогтар қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.