Қазақилығы қатаң шағын ауылда әйел адамға әкім болу оңай емес. Шаруа қожалықтары мен қарапайым ауыл тұрғындарының мәселелерін шешу, ауыл шаруашылығын түсіну өз алдына. Бірақ Шебір ауылының әкімі Лаура Рыспаева 3 жыл бойы бұл жұмысты қалтқысыз орындап келеді, деп жазады Маңғыстаудағы BAQ.KZ тілшісі.