Маңғыстаудағы Құрық портында мыңнан астам жүк көлігі кептелісте тұр. Азық-түлік пен басқа да тауарлар тіркеген фуралар осы порт арқылы Әзербайжанға жетіп, одан әрі Грузия, Түркия, Еуропа мемлекеттеріне жөнелтілуі қажет. Алайда ауа райына байланысты шекарадан шыға алмай тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап.