Бүгін, 26 желтоқсан күні ұшақ апатынан зардап шеккен әзербайжандық 14 азамат пен күні кеше Ақтауға келген Әзірбайжан делегациясының 20 мүшесі өз елдеріне оралды. Оның ішінде аман қалған 2 бортсерік пен 1 бала бар. Олар ауруханада қажетті ем алып, жағдайлары тұрақталған соң Бакуге аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.