Орынбор-Ташкент магистралі кесіп өткен қазақ даласына алғашқы отарбаның келгеніне де жүз жиырма жыл өтіпті. Өткен ғасырдың басында шойынжол тартылған бұл өлкеге теміржолшы кәсібі де ерте сіңісті. Күрежолдың бойында жатқан үлкен тораптық станция Арыс – ел аузында теміржолшылар қаласы аталып кеткен.