Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің оқу пунктіне жаңа толықтырым келгенде ерекше әрі сирек жағдай анықталды – 12 жас сарбаз бұрынғы сыныптастар болып шықты. Барлығы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектепті бірге тәмамдап, қазір қатарласып қырағылыққа және әскери қызметке дайындалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.