Кариб аймағын жайпап өткен "Мелисса" дауылы салдарынан 49 адам қаза тапты. Тағы ондаған адам хабар-ошарсыз кеткен. Ең көп өлім Гаитиде тіркелді. Мыңдаған адам жарықсыз қалды. Экономикалық шығын көлемі 52 млрд долларға жетуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Аl Jazeera басылымына сілтеме жасап.