Президент өз сөзінде Қазақстан – БАӘ инвестициялық дөңгелек үстелінің қатысушыларына ілтипат білдіріп, жиынды ұйымдастырғаны үшін Әмірліктердің Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясына алғыс айтты. Сондай-ақ Әмірліктермен арадағы қарқынды ынтымақтастыққа жоғары баға берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.