Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Құжат санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік пен бала құқықтарын қорғау саласындағы бақылауды күшейтеді. Сондай-ақ бақылау тәртібі Кәсіпкерлік кодексінен алынып, салалық заңдарға: "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс пен "Бала құқықтары туралы" заңға көшірілді. BAQ.KZ тілшісі бюджет есебінен қаржыландырылатын мектептерді, балабақшаларды, интернаттарды және басқа да балалар ұйымдарын қандай өзгерістер күтіп тұрғанын анықтады.
Мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі бекітілді: мектептер мен балалар мекемелерін не күтіп тұр?
Жаңалықтар