Адам ағзасы үздіксіз қартаю үстінде болады. Әдетте, әжімге қарсы тері күтіміне аса мән береміз де, көзге көрінбейтін нәрселерге, мысалы, мидың қартаюы жайлы ойлана бермейміз. Ми қартайса, есте сақтау мен когнитивті қабілеттер нашарлайды. Оқырман назарына мидың тез қартаюының алдын алу жолдарын ұсынамыз.