1 қыркүйекте Қазақстанда 90 мыңға жуық оқушыға есептелген 70 жаңа мектеп ашылды. Олардың ішінде Мемлекет басшысы бастамашылық еткен "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған мектептер де бар, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.