Астана қаласында ірі мұнай-газ жобалары бойынша жер қойнауын пайдаланушылар «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО), «Норт Каспиан Оперейтинг компани Н.В.» (НКОК), «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) және отандық тауар өндірушілер мен (жұмыс) қызмет түрлерін жеткізушілер арасында осы жобалар үшін сатып алынатын мұнай-газ жабдықтары мен тауарлары бойынша жалпы сомасы шамамен 240 млн доллар болатын келісімшарттарға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.