Қазақстанда ширек ғасырдан астам уақыт ішінде мемлекеттік және қоғамдық қағидаларды өз ішінде және өз қызметінде үйлестіретін бірегей ұйым өмір сүріп, белсенді жұмыс істеп келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы жылдар ішінде жүзден астам түрлі этностар тұратын республика үшін бұқаралық, тиімді, тіпті қажетті құрылымға айналды. Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарған жұмыстары мен алдағы уақыттағы қызметі туралы облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мүбәрәк Жинақбаеваны әңгімеге тартқан едік.