Бала кезімде ауылдың жігіттері әскерге бозбала болып аттанып, әскерден бойы өсіп, денесі шымырланып, сымбатты болып оралатын. Соларға қарап бүкіл ауыл баласы бой түзейтін. Әскери оқу орнының курсанты Нұртілеу де өскенде әскери қызметші болып, білікті офицер атанам деп алдына үлкен мақсат қойған көрінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.