Оралдан ұшқан FlyArystan ұшағы Алматыға 18 қараша күні сағат 06.15-те жетуі керек болған. Бірақ борт ішіндегі бір жолаушы өзін жайсыз сезінгендіктен, ұшақ шұғыл түрде Ақтөбеге қонды, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.