Иісі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталды. Рамазан айындағы ең үлкен сауапты істің бірі – Рамазан оразасын ұстау, яғни ауыз бекіту. Бүгін еліміздің барлық мешітінде тарауиқ намазы оқылды. Санаулы сағаттан соң мұсылман баласы таң сәресін ішеді. Ораза ұстауға ниет қылған барша мұсылманның дұға-тілегі қабыл болсын деген тілекпен ораза ұстаудың жалпы қағидалары жөнінде мағлұмат бере кеткенді жөн көрдік. Осы орайда Жамбыл облысы, орталық “Һибатулла Тарази” мешітінің ұстазы Есет Тұрдыбайұлын әңгімеге тарттық.