Шығыстың бас қаласы – Өскеменде танымал қылқалам шебері Құдаш Нұрсадықовтың алпыс жылдығына орайластырылған ерекше сурет көрмесі өтуде. Қала тұрғындары мен қонақтары Өнер мұражайында, сонымен қатар, «Жаңғыру» атты шығармашылық бірлестіктің «Алтайдың ажары» көрмесін де тамашалай алады, деп хабарлайды BAQ.KZ -тің Шығыс Қазақстан облысындағы тілшісі.