Әскери қызмет – кез келген ер жігіттің өмір мектебінен өтетін бір кезең. Отанды, елді қорғау жолында бір жыл атқаратын әскери қызмет - әрбір азаматтың қасиетті борышы. Осыдан бір жыл бұрын Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінің қатарына қосылған сарбаздар әскери міндетін аяқтағалы тұр. Міне, бір жыл сырғып өтіп, өрендер үйлеріне оралады. Еліміздің әр өңірінен жиналған жастарды әскери қызмет бір ортаға біріктірді. Сонымен, жауынгерлер осы уақыт аралығында нені үйреніпті? Ойларын ортаға салып көрелік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.