Бүгін, 3 шілдеде сағат 18:25-те (Астана қ. уақыты бойынша) сыртқы желіден келетін электр энергиясының өшуіне байланысты Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты. ЭЛОУ-АТ-2 мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысы жұмысын жалғастыруда, өйткені ол кәсіпорынның жылу электр орталығында ішкі генерация есебінен электр қуатымен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазмұнайгаз»-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.